RU
Толық нұсқаға өту
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстандық құтқарушы ММА чемпионы атанды

19.01.2025, 16:50 1047

8 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті.

Аталмыш іс-шарада бұрын соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді, алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды, алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz