RU
Толық нұсқаға өту
Тұрар Қазанғапов, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Шаңғышы Олжас Климин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

10.02.2025, 09:49 1475

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.

Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz