RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Eurasian Jiu-Jitsu Cup» турнирі өтті

23.02.2025, 19:10 661

Астанада джиу-джитсудан Eurasian Cup турнирі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Байрақты бәсекеге Корея, Ресей, Украина секілді 10-нан аса мемлекеттен спортшылар қатысты. Бас-аяғы 2 мыңнан астам жекпе-жек шебері екі күн бойы өзара мықтыны анықтады.

 Дүбірлі додада 20 халықаралық дәрежедегі төрешілер төрелік етті. Айтайық, жаһандық жарыста қазақстандық саңлақтардың асығы алшысынан түсті.

Мұрат Ысқақ, Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының вице-президенті:

- Қырғызстаннан, Өбекстаннан, Ресейден көп адам келген. Бразилиядан бірнеше қара белбеу келген. Солармен күресіп, өте мықты бәсекелестік көрсетті біздің палуандар да. Қазақстанның балалары өте жақсы нәтиже көрсетті. Бұл жарыс кішкентай балалардан бастап ересектерге дейін арналған өте үлкен жарыс болып есептеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz