RU
Толық нұсқаға өту

Черногорияда бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр

07.03.2025, 10:21 516

Жастар арасындағы халықаралық турнир

Куба жігіттерін жеңіп, келесі кезеңге өттік. Черногорияның Будва қаласында бокстан “Адрия інжуі”  деп аталатын халықаралық турнир жалғасып жатыр. Байрақты бәсекенің жастар арасындағы әлем кубогы деген статусы бар. Сәйкесінше 21 елден ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналды. Араларында Мақсат Бақтыбазаров бастаған ұлттық құрама өкілдері де бар. Қазақ жігіттері жарыстың кезекті күні Куба боксшыларымен жолықты. Атап айтқанда, 51 келідегі Досымжан Танатар кубалық Барбаро Кеведомен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 5:0 Дәл осындай нәтиже 57 келідегі  Данияр Ақбисенов пен тағы бір кубалық Рональд Кутино кездесуінде де тіркелді. Қазақ жігіті жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы Нығман Нығмет, Бауыржан Мұратов, Артур Ярбулов, Жасұлан Бердәлі,  Бекдәулет Асқаров, Бейбарыс Әшірбай  және Бексұлтан Қайратұлы сияқты жігіттер де сәтті өнер көрсетіп жатыр. Будва қаласындағы халықаралық ткурнирдің жалпы қорытындысы 10 наурызда белгілі болады.

Каратэ «Ауыл спорты» жобасына қосылды

Каратэ «Ауыл Спорты» жобасына қосылды. Яғни бұдан былай еліміздегі аудандар мен ауылдарда, әсіресе шағын елді мекендерде дәл осы спорт түрінің дамуына басымдық беріліп, жергілікті балалар арнайы лигаға қатыса алады. Тиісті құжатқа Қызылорда қаласында Қазақстан каратэ федерациясының бас хатшысы Асқар Молдағали мен «Ауыл Спорты» жобасының жетекшісі Ғалымбек Жақсылықов қол қойды. Меморандум аясында каратэні кеңінен насихаттау мен дамытуға қатысты кешенді жұмыстар қолға алынбақ. Оның ішінде тек балаларды осы спортқа тартып қана қоймай, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға да ерекше мән беріледі. Айта кету керек, бастама мемлекетті бюджетке салмақ салмайды. Яғни, арнайы қордың қолдауымен жүзеге асады. «Ауыл Спорты» жобасы 20214 жылдан бері жүзеге асып келеді және 6 спорт түрін қамтиды. Яғни оның ішінде  бокс, күрес, шахмат, волейбол, баскетбол және бұдан былай енді  каратэ де бар.

Жақсылықов, Auyl Sport жобасының жетекшісі

"Астана аренада" балалар доп тебеді 

«Астана Аренада» балалар арасындағы халықаралық турнир өтеді. Еліміздің бас стадионы қазір тек кәсіпқой футболшыларға ғана емес, жас аяқдопшыларға да есігін айқара ашып, жаттығу жасауға және жарыс өткізуге мүмкіндік берді. Биылдан бастап ол жерде елордадағы №8 спорт мектебінің жүздеген баласы шеберлік шыңдап жүр. Енді наурыздың соңына қарай, нақтырақ айтқанда, 25 және 28 наурыз аралағында дәл осы балалар арасында халықаралық турнир ұйымдастырылады. «Астана Кубогы» деп аталатын байрақты бәсеке осымен үшінші жыл қатарынан өткізілгелі отыр. Оған мәскеулік «Спартак» және ташкенттік «Пахтакор» клубының шәкіртері келетіні белгілі.  Олардың қатарына әзербайжандық «Карабах» та қосылуы мүмкін. Жақын күндері нақты жауабын айтады. Бұған қоса әрине халықаралық ткрнирде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған командалар бақ сынайды. Бас-аяғы 12 команда бас жүлдені сарапқа салады. Айта кетейік, балалар жарысы бұған дейін елордадағы әртүрлі алаңдарында өткізіліп келді. Енді алғаш рет оны «Астана Арена» стадионы қабылдайды. 

Еркебұлан Жомарт, №8 спорт мектебінің директоры

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz