RU
Толық нұсқаға өту

Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің төртінші айналымына шықты

11.03.2025, 09:28 838

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды 24kz.

Жерлесіміз үшінші айналымда әлемнің 38-ші ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін 2023 жылы Уимблдон жарысында кездесіп, онда Рыбакина 2 сетте де 6:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бұл жолы бірінші партияда жерлесіміз бірде-бір гейм берген жоқ. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Еленаның қателігін пайдаланған Бултер брейк жасап, өз геймін алып, алға кетті. Дегенмен, Рыбакина таразы басын теңестірді. Артынша матчты тағы бір брейкпен түйіндеді. Бір сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Отандасымыз 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Бултер 2 эйс, 1 брейкпен шектелді. Енді Елена ширек финалға шығу үшін әлемнің 11-ші ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.

Айта кетейік Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 9 млн АҚШ долларына жуықтайды. Турнир жеңімпазы 1,1 млн астам табыс тауып, 1 мың рейтингілік ұпайға ие болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz