«Барыс» «Адмиралды» жеңді. Елордалық клуб құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт алаңда өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Және бірқатар ойыншының жарақат алуына байланысты кездесуге негізінен жастарды алып барды. Соған қарамастан олар ресейлік командаға лайықты қарсылық көрсетті. Негізгі кезең 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен «Барыстың» жолы болды. Енді «Барыс» ертең «Амурмен» шеберлік байқасады. Артынша 17 наурызда «Сібірге» қонаққа барады. Ал елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак Барс», 22 наурызда Салават Юлаев клубтарын қабылдайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz