RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте стенд атудан ел кубогі өтіп жатыр

14.03.2025, 11:10 540

Ел мергендері Шымкентке жиналды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір аймақта ересектер арасында стенд атудан Қазақстан кубогінің алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Айтулы жарысқа елдің түкпір-түкпірінен келген 150-ден аса спортшы қатысуда. Олардың арасында Азия ойындары, сары құрлық бәсекесі мен халықаралық  жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Мергендер бәсекесі 6 күнге созылады. Жарыс нәтижесі бойынша рейтинг жаңартылып, әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болады. Сондай-ақ Шымкентте ересектерден бөлек, жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Жарыс қорытындысы апта соңында белгілі болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz