RU
Толық нұсқаға өту

Футболдан Қазақстан құрамасы Кюрасаоны жеңді

20.03.2025, 10:17 513

Қазақстан Кюрасаоны жеңді, деп хабарлайды 24kz.

Футболдан ұлттық құрамамыз әлем чемпионатына іріктеу кезеңі қарсаңында Оңтүстік Америка құрлығына жақын жатқан елмен жолдастық кездесу өткізді. Кюрасао бұл – Кариб теңізіндегі шағын ғана арал. 150 мыңнан аса ғхалқы бар. Десе де, Халықаралық футбол федерациясының рейтингінде 91-орында тұр және аталмыш командаға әйгілі нидерландылық маман Дик Адвокат жетекшілік етеді. Сонымен, Түркияда өткен жабық форматтағы жолдастық мачта біздің жігіттер 2:0 есебмен жеңді. Ұлттық құрама сапынан Максим Самородов пен Асхат Тағыберген мергендігімен көзге түсті. Енді алда негізгі ресми матчтар күтіп тұр. Әли Әлиев баптайтын Қазақтсан командасы 2026 жылғы әлем чемпиогнатына іріктеу кезеңі аяфсында 22 наурызда сырт алаңда «Уэльспен» кездеседі. Ал, 25 наурызда тағы да сырт алаңда «Лихтенштейнге» қарсы ойнайды.

Әли Әлиев, футболдан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Қазір ұлттық құрама жасақталды. Өкінішке орай, жарақат алған жігіттер бар. Десе де, барынша жақсы футболшыларды шақырттық. Алдағы матчтар оңай болмайды. Жауапкершілік үлкен. Оны бәріміз түсініп тұрмыз. Кюрасаомен кездесу жан-жақтан жиналған жігіттердің алаңда бір-бірін сезініп, үйлесімді ойнап үйренуіне қажет болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz