Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.
Осыған орай Алматыда күштік құрылымдар арасында самбодан чемпионат өтті. Жарысқа 26 команда келді. Қатысушы саны 150 адамға жуықтады. Балуандар жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы үздік атанды. Байрақты бәсеке ертең қазақ күресімен жалғасады. Оның жеңімпаздары тамыз айында өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Айбек Қалимов, десанттық-шабуылдау әскерлерінің сарбазы:
- Спорттық және қарулы күштер өмірінде де ең бастысы мінез берілмеуді үйретеді. Соңына дейін күресуді үйретеді өмірде де. Мен жарыстарды бөліп жармаймын нәтижесімен, процесімен болып жатқан сол мен үшін үлкен ләззат береді. Сол процесс үшін дайындаламын және сол үшін күресемін.
Тегтер #күштік құрылымдар #самбо #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz