RU
Толық нұсқаға өту

Б. Жалолов: Дычкомен кездесу қызық емес

03.04.2025, 09:13 998

Жәнібек Әлімханұлы ашық жаттығу өткізді.

Жәнібек жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайды. Тіпті жетінші раундқа жеткізбеуі де мүмкін. Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысты мамандар осындай пікір білдірді. Айта кетейік, бірер күннен кейін бұнда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анаэль Нгамиссинге кездеседі. Жекпе-жек кешінде WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтар сарапқа салынады. Яғни Жәнібек өз титулдарын қорғайды. Еске сала кетейік, жерлесіміз  кәсіпқой рингте бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 16-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал қарсыласы Анаэлдің көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Оның 9-ын нокаутпен ұтты. Қазір қос боксшы да Астанада. Олар елордадағы сауда орталықтарының бірінде ашық форматтағы жаттығу өткізді. Енді алда баспасөз мәслихаты және салмақ өлшеу рәсімі бар. Ал бокс кешінің өзі 5 сәуірде болады.

Сағатбек Мұсаханов, бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Әрине барлығы қос боксшының дайындығына байланысты. Десе де, Жәнібектің деңгейі әлдеқайда жоғары. Сондықтан, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталуы мүмкін. Тіпті 6, 7-раундқа жеткізбей қарсыласын нокаутқа жібереді деп ойлаймын. Бірақ, 12 раундқа да дайын болуы керек. Ең бастысы қазақстандық жанкүйерлер кәсіпқой бокс кешін көріп, керемет әсер алып қайтады деп үміттенемін. 

Ағайынды Сабырхандар ашық жаттығу өткізді 

Жақсы жекпе-жек қана емес, жақсы шоу көрсетеміз. Ағайынды Сабырхандар  Астанадағы кәсіпқой бокс кеші алында осындай пікір білдірді. Олар да ашық форматтағы жаттығу өткізіп, осындағы жанкүйерлерімен кездесті. Айта кетейік, Махмұд Сабырхан колумбиялық Николас Тордесильямен жолығады. Қарсыласы кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Ал Махмұд үшін ресми алғашқы жекпе-жек. Осының алдында бір рет жартылай кәсіпқой бокс кешіне қатысып, жеңіске жеткен болатын.  Ал оның інісі Төрехан Сабырхан чехиялық Джири Хаукемен өзара мықтыны анықтайды. Джиридің көрсеткіші 10 жекпе-жек, 4 жеңіс. Ал Төрехан тағы да алғаш рет кәсіпқой рингке шыққалы тұр. Атамыш кезедесулер 6 раундқа есептелген. Қос боксшы да тыңғылықты дайындалдық және шоу көрсетуге дайынбыз дейді.

Махмұд Сабырхан, ұлттық құрама мүшесі:

Төрехан Сабырхан, ұлттық құрама мүшесі:

Б. Жалолов: Дычкомен кездесу қызық емес

Жалолов пен Дычко кездесуі жақын болашақта болмайды. Өзбектсандық боксшы бұл ұсыныстың қызық еместігін алға артты. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Баходир Жалолов та Астанада ашық форматтағы жаттығу өткізді. Ол да алдағы кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Баходир украиналық Игорь Шевадзуцкиймен жұдырықтасады. Өзбекстандық былғары қолғап шебері бүгінге дейін кәсіпқой рингте 14 кездесу өткізіп, 14-інде де жеңіске жетті. Қарсыласының көрсеткіші 14 жекпе-жек, 12 жеңіс. Ал, көпшілік тағатсыдана күтіп жүрген Иван Дычко мен  Баходир Жалолов кездесуі әзірге ұйымдастырылмайды. Айта кетейік, қос мықты әуесқой бокста 4 рет кездесіп, 4-еуінде де жерлесіміз жеңіске жеткен болатын.

ЦИТАТА: Баходир Жалолов, кәсіпқой боксшы

«Иван Дычкомен кездесу өткізу маған қызық емес. Оның өз жолы бар. Менің өз жолым бар. Біз барлық жоспарымызды менеджерлермен бірге жан-жақты талқылап барып құрамыз...»

Нұрсұлтанов пен Адамес кездесуге міндетті

Карлос Адамес Мейірім Нурсултановпен кездесуге міндетті. Бүкіләлемдік бокс одағы, яғни, WBC ұйымы осындай талап қойып отыр. Тараптарға 6-шы мамырға дейін уақыт берілді. Егер ортақ тоқтамға келмесе, промоутерлік сауда өткізіледі. Айта кетейік, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына негізгі үміткер саналады. Ал, белдіктің өзі жоғары айтқан доминкандық Карлос Адаместің еншісінде. Мейірімнің шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асты. Ол соңғы рет 2023 жылдың қараша айында чилилік Холио Аламоспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Жерлесіміз кәсіпқой рингте бүгінге дейін 20 кездесу өткізіп, 20-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Карлос Адаместің көрсеткіші 26 жекпе-жек, 24 жеңіс. Ол чемпиондық титулық 3 рет қорғады. Ол соңғы рет бірер ай бұрын жұдырықтасты. Британиялық Хамза Ширазбен кездесіп, 12 раундқа созылған жекпе-жек тең аяқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz