RU
Толық нұсқаға өту

Семейде Ұлттық ұланда қазақ күресінен чемпионат өтті

03.04.2025, 22:30 756

Ұлттық ұлан жауынгерлері арасында қазақ күресінен дәстүрлі чемпионат ұйымдастырылды. Бұл жолғы жарыс тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналды.

Чемпионатқа Ұлттық ұланның «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарынан келген 100-ге жуық сарбаз қатысты. Екі күнге созылған сайыста балуандар спорттық шеберліктерін ғана емес, әскери рухын, төзімділігі мен ерік-жігерін де паш етті. Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені 5573 әскери бөлімі жеңіп алды. Ал екінші орын Ұлттық ұлан академиясының командасына бұйырса, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамасына берілді. Жеңімпаздар Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан арнайы төсбелгілермен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл чемпионат әскери қызметшілер арасында ұлттық спортты насихаттап, жауынгерлік рухты арттыруда маңызды рөл атқарады.
    
Бауыржан Әбжанов, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасараы:

- Бұл чемпионат екінші жыл қатарынан Семейде өтіп жатыр. Сарбаздардың бәрі жақсы дайындықпен келгенін көріп тұрмыз. Бұл чемпионат ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналып отыр. 

Бекзат Алтынбаев, 5573 әскери бөлімінің қызметкері:

- 90 келі салмақта чемпион атандым. Алланың қалауымен жолдама алдым, енді Ұлттық ұланның намысын Динамода қорғаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz