RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық параспортшылар волейболдан Жапония құрамасын жеңді

04.04.2025, 11:37 745

Қазақстан Жапонияны жеңді. Астана қаласында волейболды отырып ойнаудан қос елдің құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды 24kz.

Айта кету керек, бұл спорт түрі паралимпиада бағдарламасында бар және қазақстандық команда былтыр алғаш рет Париждегі байрақты бәсекеге қатысып, бесінші орынға тұрақтаған болатын.

Бұл отандық спорт үшін тарихи нәтиже. Міне, содан бері аталмыш бағытты жүйелі дамытуға және кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы мақсатта жолдастық кездесу елордадағы ірі сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Тартысты өткен матч 3:0 есебімен аяқталды. Енді біздің жігіттер Жапония барып, осындай форматтағы ойын өткізеді. «Бұның барлығы тәжірибе жинап, шеберлік шыңдауға жақсы мүмкіндік», - дейді мамандар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz