Қазақстандық Арина Алтухова нысана көздеуден Буэнос-Айресте өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
Спортшы 50 метр қашықтыққа үш қалыпта атудан үшінші нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 445.9 ұпай жинады.
Бірінші орынды үндістандық Каур Самра (458.6 ұпай), ал күміс жүлдені германиялық Анита Мангольд (455.3 ұпай) жеңіп алды.
Тегтер #нысана көздеу #Әлем кубогы #Арина АлтуховаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz