RU
Толық нұсқаға өту

Дубайда жеті айға созылған халықаралық бәйге маусымы мәресіне жетті

07.04.2025, 11:50 738

Финалдық жарыс жолына шашасына шаң жұқпаған кіл жүйрік қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Биылғы маусым қазақстандық атбегілер үшін табысты болды. Нугул, Салсабил, Арлан атты тұлпарлар жүлделі орындарға ие болды.

Ал былтыр Кабирхан дәл осы финалдық сында бақ сынап, жақсы нәтиже көрсеткен еді. Қатар елінің Хит Шоу сәйгүлігі биылғы маусымның үздігі атанды. Ол 2 шақырымдық бәйгеде топ жарды. Ат иесі 7 млн долларды қанжығалады. Қазақстандық тұлпарлар мерейтойлық 30-шы бәйге маусымында қайта жарыс жолына шығады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz