Ұлттық құрама өкілдері Лос-Анджелестегі ойындарға лицензия алып қана қоймай, жүлде әкелуді де жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24kz.
Сәйкесінше, осы мақсатқа жету үшін елде барлық жағдай жасалуда. Мәселен, Түркістан қаласында ескек есуге арналған канал қолданысқа берілді. Бұл көптен күткен жаңалық десек болады. Өйткені бұған дейін ұлтттық құрама шеберлік шыңдау үшін алыс-жақын шетелдерге шығатын. Міне, енді өзіміздің елде арнайы база бар және дәл сол жерде ішкі біріншілік ұйымадстырылды. Спортты дамыту дирекциясы таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан чемпионатына 11 өңірдің өкілдері жиналды. Араларынан Мария Бровкованың жетістігін ерекше атап өтуге болады. Былтыр әлем чемпионатында жүлдеге іліккен батысқазақстандық Мария биыл жекелей және жұптасып жарыста да топ жарып, өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Байдаркада ескек есуде ұлттық құрама өкілі түркістандық Бекарыс Раматулла, ал, каноэда ескек есуде Азия ойындарының жеңімпазы шымкенттік Сергей Емельянов ең үздік нәтиже тіркеді.
Тегтер #ескек есу #Олимпиада #дайындық #Қазақстан чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz