RU
Толық нұсқаға өту

Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогінің кезеңінде жеңіске жетті

13.04.2025, 23:32 812

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде жеңіске жетті.

Ол кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында қарсыластарына дес бермеді. 

Карими төрешілер шешімімен 14.666 ұпай жинады. Осылайша Милад бұл Әлем кубогінің кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді. 

Финалда екінші орынды Израиль спортшысы Александр Мякинин (14.433) мен қытайлық Чени Се (14.300) иеленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz