RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық спортты қолдауға бағытталған қаржы көлемі ұлғайды

15.04.2025, 15:32 763

Биыл  жергілікті жерлерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бюджеттен бөлінген қаражат 4,8 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ Ұлттық және ат спорты түрлері орталығына республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге қарастырылған.

Елде әзірленген жаңа заң жобасы аясында Ұлттық спорт енді олимпиадалық, параолимпиадалық спорт түрлерінің қатарына кіріп,, жоғары жетістіктер спорты қатарына қосылды. Ересектер, жастар мен жасөспірімдерден құралған  Ұлттық құрама қатарына 1000-нан астам спортшы кіріп отыр. Алда саладағы түйткілдерді шешіп, одан әрі дамыту мақсаты тұр. Оның жай-жапсары мәжіліс қабырғасында мүдделі тараптардың қатысуымен талқыланды. Мамандар өңірлерде ұлттық спортты дамытуға қаржының жеткіліксіздігі, инфрақұрылымның жоқтығы секілді мәселелер барын айтты. Білікті жаттықтырушыларға да сұраныс жоғары. Бүгінде елде ұлттық спорттың 11 түрі ресми тіркелген. Ұлттық спорт бұқаралық сипатта ғана қарқын алмай, халықаралық ареналардағы жоғары нәтижелері арқылы өз әлеуетін дамытып келеді

Ардақ Назаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы ұлттық спортты дамыту арқылы біз өзіміздің ұлттық кодымызды, мәдениетімізді, жастарымыздың рухын көтеруге үлкен күш саламыз деген ойдамын. 01-08 Депутаттар, ұлттық федерация бар және спорт министрлігі бірге отырып жақында біздің спорт заңы күшіне енгеннен кейін ары қарай еліміздегі ұлттық спорт түрлеріне басымдық берілетініне сенімдімін. 01-50 Ұлттық спортты көтеру үшін ең бірінші қаражат мәселесі шешілуі керек. Екіншәден, федерацияда отырған президенттер, басшылардың жанашырлығы. Олар әрине тек қана мемлекеттен қаржыны күтіп отырмай сонымен қатар жекелеген өңірлердегі басшылар, кәсіпкерлермен сол спорттың ары қарай өркендеуіне атсалысуы керек.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

- Қазіргі уақытта барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерін дамыту, спорттық мектептер жұмысын жасап жатыр. Сонымен қатар ең қарқынды даму үстінде деп оңтүстік облыстарды айтуға болады. Себебі ол жерде жазғы мерзім де көбірек. Мысалы ат спорты, көкпарға байланысты командалық, жаппай көкпар жарыстары наурыз айында басталып кетті. Басқа спорт түрлерін айтар болсақ, қазақ күресі 20 аймақта дамыған. Соңғы үш жылда жалпы ұлттық спорт түрлерінің қаражаты 3 есеге өсті деп айтуға болады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz