RU
Толық нұсқаға өту

EMBA Sport Management бағдарламасының түлектеріне диплом табысталды

19.04.2025, 20:51 635

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы тағы бір толқын көшбасшыларды шығарды, деп хабарлайды 24kz.

40-тан аса маман бүгін оқу ордасын тәмамдап, дипломын қолына алды. Олар халықаралық жетекші оқу орындарымен бірлесіп дайындалған Sport Management бағдарламасы бойынша білім алған. Түлектер қатарында қарапайым жаттықтырушыдан бастап ұйым жетекшісі, спорт шеберлері бар. Магистр дәрежесін алған білімгерлер бір жыл ішінде онлайн оқып қана қоймай, біліктілігін жетілдіру мақсатында өзге мемлекеттерге барып, тәжірибе алмасып келген.

Тұрсынзада Қуанғалиева, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры:

- Sport Management бағдарламасы – бұл спорт саласындағы лидерлерді дайындау. Қазіргі таңда бағдарламаның ашылғанына 1 жыл болғанымен, бізде 200-ден аса білім алушы оқиды. Олар көбіне спорт саласының ұйымдарының топ менеджерлері.

АйбақыТ Мырзатай, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының түлегі:

- Көкшетау қаласынан келіп отырмын. Жалпы өзім Қазақстан шағын футбол федерациясының облыстық филиал басшысымын. Осы академияда 1 жыл бойы оқып, менеджмент мамандығы бойынша диплом алып отырмын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz