RU
Толық нұсқаға өту

Елена Рыбакина рейтингте төмендеді

22.04.2025, 10:00 653

Әлем үздіктері Астанада бас қосты.  

Бірер аптадан кейін елордада дзюдодан Гранд-Слэм бәсекесі өтеді. Ол жерде әлемдік және олимпиадалық рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Байрақты бәсеке 9-11 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Нағыз тартыс енді басталады. Иорадания астанасы Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр.  Айта кету керек, бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15 және 17 жастағы өрендерге арналған алғашқы құрлықтық жарысы. Байрақты бәсекеге 18 елден 400-ден аса қатысушы жиналды. Оның ішінде қазақстандық қыз-жігіттер де бар. Бүгін ширек финал кездесулері өтеді. 15 жасқа дейінгілер арасында 7 бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады. Ал кеше 17 жасқа дейінгілер арасындағы іріктеу кезеңі өтті. 3 бірдей жерлесіміз жұдырықтасты. Оның екеуі жеңіске жетті. Атап айтқанда, 60 келіде Анвар Ыдырысов Түркіменстан өкілімен кездесіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. 70 келідегі Қуаныш Орынбасар да үндістандық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ал 63 келідегі Алдияр Баяндинов Украина боксшысына есе жіберді. Амман қаласындағы жарыстың жалпы қорытындысы 30 сәуірде белгілі болады.

Қ. Сәтжанов: Сағындық Тоғамбай жеңілмеді

Сағындық Тоғамбай жеңілген жоқ. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов осындай мәлімдеме жасады. Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шеберлері  жуырда ғана Ресейдің Хабаровск қаласына барып, халықаралық турнирге қатысқан болатын. Ұлттық құрама өкілдері 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алды. Әсіресе, әлгі жалғыз күміс жүлде иегері  Сағындық Тоғамбайдың финалдағы жеңілісі көпшіліктің күмәнін туғызған. Бас бапкер де осындай пікір білдірді. «92 келіде Сағындық Тоғамбай күміс медаль еншілегенімен, жеңілді деп айта алмаймын. Себебі финалда жергілікті боксшымен кездесті. Төрешілердің де көмегі болды деп ойлаймын» - деді Қайрат Сәтжанов әріптесіміз Қанат Байұзақовқа берген сұхбатында. Айта кетейік, Сағындық финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Тіпті кей кездесулерді уақытынан бұрын аяқтады. Ал финалда ресейлік Cергей Слободянмен кездесіп, төрешілер шешімімен жергілікті боксшыға 5:0 есебімен есе жіберді.

Қ. Сәтжанов: 54 келіде бәсекелестік күшейді

Махмұд бірінші, Сәкен екінші нөмірлі боксшы. 54 келідегі бәсекелестік туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов осындай пікір білдірді. Айта кетейік, Сәкен Бибосынов ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, жуырда ғана Хабаровск қаласындағы халықаралық турнирге қатысқан болатын. Ұлттық құрама өкілі бұл жолы 51 емес, 54 келіде сынға түсті. Соған қарамастан барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Финалда ресейлік Денис Пальшинді 5:0 есебімен жеңді. Бас бапкер Сәкеннің рингтегі қарым-қабілетіне өте жоғары баға берді. Десе де, бұл салмақта көшбасшы болып Махмұд Сабырханның қала беретінін алға тартты. Сәкен мен Махмұдттан бөлек, дәл осы 54 келіде кәдімгідей бәсекелестік тудыратын жастар да өсіп келеді. Олар да есептен шығармау қажет деді Қайрат Сәтжанов әріптесіміз Қанат Байұзақовқа берген сұхбатында. 

Қайрат Сәтжанов, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Желтоқсан айындағы жарақатынан кейін қатарға қосылған Сәкен Бибосынов Ресей төрінде 54 келіде жақсы өнер көрсетіп, үш кездесуінде де басым түсті. Жаңа салмақта ешкімнен осал емес екенін анық аңғартты. Ол ұлттық құрамада екінші нөмірлі боксшы. Көшбасшы – Махмұд Сабырхан. Нұрсұлтан Алтынбек Бразилиядағы Әлем Кубогында топ жарды. Бағлан Кенжебек те жыл басынан бері екі турнирде чемпион атанды. Олардан бөлек, жастар арасындағы әлем чемпионы Боранбек Бексұлтанды есептен шығаруға болмайды. Бір салмақта мықтылардың жиналғаны бәсекелестікті одан әрі жоғарылатады.

Елена Рыбакина рейтингте төмендеді  

Рыбакина алдыңғы ондықтан шығып қалды. Әйелдер теннисі қауымдастығы соңғы нәтижелерді саралап, әлемдік тізімді жаңартты. Оған сәйкес, қазақстандық Елена Рыбакина 10-орыннан 11-орынға төмендеді. Айта кетейік, былтыр жыл басында Рыбакина WTA рейтингінде үздік бестікте болған. Алайда, денсаулығына байланысты біраз жарысты  жіберіп алды. Енді өз позициясын қайта қалпына келтіру үшін маңызды турнирлерде жоғары нәтиже көрсетуі қажет. Әйтпесе, бұдан да төмен түсіп кетуі мүмкін.Әлемдік тізімнің алдыңғы үштігі өзгермеді. Бірінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко болса, екінші орында польшалық Ига Швёнтек. Ал үшінші орында америкалық Джессика Пегула. Басқа да жерлестеріміздің көрсетішіне тоөқтала кетейін. Жаңартылған тізімде Юлия Путинцева 24-ші, Жібек Құламбаева – 314-ші, Зарина Диас – 326-шы, ал Анна Данилина – 896-ші сатыларға тұрақтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz