RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада бокстан жастар ойындары жалғасып жатыр

25.04.2025, 09:53 678

Жас боксшылар бәсекесі қыза түсті.

Қызылордада жастар ойындары жалғасып жатыр. Бұл төрт жылда бір ұйымдастырылатын кешенді жарыс. Бас-аяғы 34 спорт түрін қамтиды. Әсіресе осы бокс бойынша бәсекені Сыр өңірі қабылдап жатыр. Оған  еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса қатысушы жиналды. 16-17 жастағы өрендер енді бірнеше салмақ дәрежесінде сынға түседі. Нақтырақ айтқанда, ұлдар 13, қыздар 12 салмақтағы медальдарды сарапқа салады. Бүгінге дейін жартылапй финалға шыққандардың есімдері белгілі болды. Тізімде салыстырмалы түрде Жамбыл облысы және Шымкент қаласының өкілі көп. Қызылордадағы бокс бәсекесінің жалпы қорытындысы 27-ші сәуірде белгілі болады. Оның нәтижесінде биыл Бахрейндегі жастар арасындағы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz