RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда мерекелік марафон өтті

01.05.2025, 17:12 759

Қарағандыда Бірлік күніне арналған кең ауқымды жүгіру шарасы өтті.

«Алаш» аллеясында ұйымдастырылған марафонға 500-ге жуық адам қатысып, 2 шақырымдық қашықтықты еңсерді. Аталған спорттық мерекенің ерекшелігі – жарысқа ерекше күтімді қажет ететін балалардың да қатысуы. Олар үшін арнайы 300 метрлік қашықтық белгіленіп, барлық жағдай жасалды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясы ұйымдастырды. Бұл Қарағандыда екінші рет өткізіліп отырған марафон. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар ел ішіндегі татулық пен ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға да айрықша ықпал етеді.

Серік Сәпиев, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Біз біргеміз! Бір елде тұрамыз. Отанымыздың дамуына әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Бейбітшілік сақталып, еліміз гүлдене берсін! Спорт мен үшін қашанда маңызды. Осындай шаралардан қалмауға тырысамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz