Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Висбаден (Германия) ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, чехиялықтар Джесика Малечкова - Мириам Скочпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық-латвиялық жұп есе қайырды - 6:3. Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды - 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылды.
prosports.kz
Тегтер #Жібек Құламбаева #теннис #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz