RU
Толық нұсқаға өту
t.me/olympickz

Теннисші Жібек Құламбаева ITF W100 турнирінің чемпионы атанды

05.05.2025, 10:20 685

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды.

Жұптық сайыстың финалында Жібек Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Сконы жеңді.

Кездесу есебі — 4:6, 6:3, 11:9.

Бұл Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс болды. Жалпы, Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.

t.me/olympickz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz