RU
Толық нұсқаға өту

Шымкенттік спортшы 120 тонна болатын вагондарды сүйреп, рекорд орнатты

05.05.2025, 20:52 659

Шымкенттік алып күштің иесі Артық Досалиев Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды 24kz.

52 жастағы спортшы салмағы 120 тонна болатын вагондарды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжылтты. Алдымен Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельстің деңгейін, жүктің салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізді. Рекордтың орнатылғанын растап, сертификатты табыстады. Артық Досалиев бұл жетістігін Жеңіс күні қарсаңында батыр бабалардың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етуге арнады. Осы нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалғанын айтады. Ол спорттың осы түрінен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Артық Досалиев, пауэрлифтингтен әлем чемпионы:

- 80 жылдық Жеңістің қарсаңында осындай рекорд орнатуға ниет етіп, батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасап, бүгінгі рекордымды сол кісілердің атынан жасап отырмын. Ендігі жылға да осындай жеңістердің қарсаңында 6-7-10-20 вогонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын.

Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:

- Бұрын-соңды Қазақстанда болмаған рекордтың орнатылғанын көріп, куә болып отырмыз. Оның алдында біз жолдың тегістігін тексердік. 21 метр 40 см-ге тартты. Жалпы салмағы 120 тонна.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz