Алматы облысының Шелек ауылында даңқты балуан, грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оған 2008-2010 жылдары дүниеге келген 140-тан астам жасөспірім қатысты. Ол қазақ атын айдай әлемге паш еткен талантты спортшы ғана емес, сонымен қатар игілікті істерімен ел есінде қалған айтулы азаматтардың бірі еді. Жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге атсалысып, кәсіпкер ретінде туған ауылын өркендетуге өз үлесін қосты. Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылынан спорт мектебін, балабақша және жас отбасылар үшін баспана салып берді.
«Міне, соның арқасында ауыл балалары спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды. Сондықтан аты аңызға айналған балуанының есімі жүрегімізде мәңгі сақталады», - деді турнирді ұйымдастырушылар.
Қуат Байқожаев, «Аmanat» партиясы ОФ төрағасы:
- Жақсылық Үшкемпіровтің біздің қазақ еліне сіңірген еңбегі орасан зор. Сол кездегі жастарға, қазірдің өзінде сол мотивация болып, жасөспірім азаматтардың бәрі сол кісіге бой түзейді. Сонымен қатар бұл кісі спорттан кейін қазақ еліне сүйіспеншілігі, патриоттығы, ауылды дамыту көркейту мақсатында үлкен еңбек сіңірген.
Тегтер #Алматы облысы #еске алу #республикалық турнирPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz