«Олимпиада ойындарынан кейін спортты уақытша ұмытып, жеті айға жуық демалыс алдым. Қаңтар айынан бастап оқу-жаттығу жиындарына қатыса бастадым. Алғашында ұлттық құраманың қарқынына ілесу өте қиын болды. Алайда қазір бәрі жақсы».
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев осылай деді. Қазақстандық балуан Olympic.kz сайтына берген сұхбатында дайындық барысын пысықтап, құрамадағы өзгерістер жайлы айтып берді.
«Жалпы әр бапкердің өзіндік әдіс-тәсілі болады ғой. Роберт Мшвидобадзенің дайындау жүйесі мүлде бөлек екен. Бір байқағаным – бұл бапкерлер бір ғана жарыспен шектелмей, алда болатын ірі халықаралық додаларға ерекше мән береді. Негізгі мақсат– әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсету», - деді.
Айта кетейік Ғұсман Қырғызбаев ертең бас қалада басталатын Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде татамиға шығады.
Тегтер #Ғұсман Қырғызбаев #Париж Олимпиадасы #СұхбатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz