RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда таэквондодан финалдық гран-при өтеді

10.05.2025, 09:50 659

Таэквондодан келер жылғы финалдық гран-при бәсекесі Астанада өтеді, деп хабарлайды 24KZ. Еліміз ұзақ уақыт үзілістен соң бұл олимпиадалық спорт түрінен әлемдік жарысты қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Дүниежүзілік таэквондо кеңесінде осындай шешім қабылданды.

Айта кетейік, араб мемлекетінің Фуджейра қаласында кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Онда еліміздің жасөспірімдер құрамасы да бақ сынайды. Біріншілік аясында қазақстандық делегация гран-при өткізу мүмкіндігін таныстырды. Федерация өкілдерінің айтуынша, мұндай деңгейдегі жарысты ұйымдастыруға бас-аяғы 18 мемлекет үміткер болған. Тізімге Париж, Рим, Манчестер сынды қалалар енген. Нәтижесінде таңдау Астанаға түсті. Елордадағы бәсекеге әлемнің кіл мықты спортшылары қатысып, Олимпиадаға лицензциялар ойнатылады. 

Кудрәт Шамиев, Қазақстан «WT» федерациясының басшысы:

- Араға 10 жылдай уақыт салып, Қазақстанда қайтадан осындай жарыстың өтетіні біз үшін өте қуанышты жайт болып саналады. Жеңіс күніне біздің жаңа федерациясының кішігірім жетістігіне біздің де қуанышымыз шексіз. Жарысты Астанада жоғары деңгейде өткізуге мүдделіміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz