Алматыда қазақ спорт журналистикасының көрнекті тұлғасы, спорт комментаторы, тележурналист, Ақпарат саласының үздігі Амангелді Сейітхан атында шағын футболдан республикалық турнир басталды. «Қазақ спортының қайрағы» атанған Амангелді Сейітхан «Хабар» арнасында 20 жылдан астам уақыт қызмет етті. Бес Олимпиада ойындарында хабар таратты. Тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатын қазақ тілінде жүргізіп, спорт журналистикасының дамуына зор үлес қосты.
Шағын футболдан дәстүрлі турнир биыл «Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойына арналды. Оған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған 14 команда қатысып жатыр.
Тегтер #Амангелді Сейітхан #шағын футбол #республикалық турнир #Хабар агенттігі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz