RU
Толық нұсқаға өту
t.me/olympickz

Qazaqstan barysy Grand Slam: екі қазақстандық балуан қола жүлдегер атанды

11.05.2025, 18:17 691

Қазақстан құрамасының балуандары Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас Астанадағы Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды.

Марат Байқамұров 100 келіге дейінгі салмақта ливандық Карамноб Сагаиповпен кездесті. Нәтижесінде Марат Байқамұров қосымша уақытта жеңіске жетті.

Ал Бақжан Байтастың қарсыласы ресейлік Адам Сангариев жарыстан бас тартты. Осылайша отандасымыз қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, бүгін 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Ерасыл Қажыбаев Хега Отамен өзара мықтыны анықтайды.

t.me/olympickz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz