RU
Толық нұсқаға өту

Отандасымыз Үндістандағы Азия чемпионатында топ жарды

11.05.2025, 19:40 804

Отандасымыз Үндістанда өткен жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар қызметінің әскери қызметшісі Сандуғаш Сейдіш Делиде армрестлингтен өткен Азия чемпионатында топ жарды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы қырғызстандық Молмол Акимқожоқызымен қол күрестіріп, құрлық біріншілігінің «алтын» жүлдесін қанжығаға байлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz