RU
Толық нұсқаға өту
olympic.kz

Ерасыл Қажыбаев Grand Slam турнирінде екінші орынды иеленді

11.05.2025, 19:24 1023

Қазақстан құрамасының балуаны Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Астанада өткен Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды olympic.kz.

Ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.

Финалдық белдесуде Қажыбаев жапониялық Хега Отаға жол берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы елордада өткен Grand Slam турнирінде барлығы тоғыз медаль жеңіп алды (үш күміс және алты қола).

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz