RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда балалар арасында футболдан халықаралық жарыс өтті

12.05.2025, 19:27 488

Спорттық іс-шараға 5 мемлекеттің жас ойыншылары қатысты. Біздің жеткіншектер шешуші кездесуде Алжир құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды 24kz.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық турнир Бейжіңде өтті. Оған 9 бен 12 жас аралығындағы балалар қатысты. Жарысты Қытайдағы Қазақстанның елшілігі ұйымдастырды. Іс-шара өскелең ұрпаққа ата-баба ерлігін насихаттап, бірлік пен достық қарым-қатынасты дәріптеуге бағытталған. 

Даниял Сәбит, турнир жеңімпазы:

- Қатты дайындалған команда ол – «Алжир». Оларды әрең ұттық. Есеп: 2:1. Мен екі гол салдым.

Ернұр Бақытбек, оқушы:

- Бұл турнирде менің ағам ойнап жатыр. Мен ағама қолдау көрсетуге келдім. Бәріне сәттілік, Қазақстанға жеңіс тілеймін. Қазақстан алға!!!

Баймұрат Ізбасар, турнир жеңімпазы:

- 2:1 есебімен біз жеңдік. Бірақ ол өте жақсы емес. Техникамыз онша емес болды. Дегенмен, соларды жеңдік. Қазір Қытай мен Тәжікстан ойнап жатыр.

Шағын футболға қазақстандық балалардан бөлек Қытай, Алжир, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен 50-ден астам ойыншы қатысты. Сонымен қатар дипломаттар, балалардың ата-аналары, қытайлық жаттықтырушылар шақырылып, қолдау білдірді.

Ахмат, тәжікстандық жанкүйер:

- Мұндай жарыстар қажет. Бұл  бірлік пен достықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Турнирді ұйымдастырған Қазақстан тарапына алғыс білдіреміз. Осындай ойындардың арқасында біздің балаларымыз бір-бірімен сөйлесіп, араласып, дос болады.

Әбутәліп Аймаханов, ҚР Қытайдағы елшілігінің саяси кеңесшісі:

- Өте жақсы қызығушылық болып жатыр. Әсіресе, сол қытайлар бір командасын берді. Тек қана сол балалар ғана емес, дипломаттар да қатысып, үлесін қосып, қарым-қатынас өте жақсы болып жатыр.

Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды қазақстандық жеткіншектер жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орын Алжир мен Тәжікстанға бұйырды.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz