RU
Толық нұсқаға өту

Парма турнирі Путинцева мен Құламбаева үшін сәтті басталды

14.05.2025, 10:37 425

Теннистен Парма турнирі Путинцева мен Құламбаева үшін сәтті басталды, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстанның екінші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған жапониялық Эна Сибахараны 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде жерлесіміз 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Енді ол ширек финал жолдамасын рейтингіде 299-шы сатыдағы германиялық Анна-Лена Фридзаммен сарапқа салады. Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында италиялық Николь Фосса-Уэргомен бірге ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық-италиялық жұп тартысты матчта мажарстандық Анна Бондар мен  швейцариялық Симона Вальтертті ұтты. Енді Құламбаева ширек финалда Қазақстанның жұптық сындағы 1-ракеткасы Анна Данилинамен кездесуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz