RU
Толық нұсқаға өту

Хоккей ӘЧ: Қазақстан Мажарстанға есе жіберді

14.05.2025, 10:26 474

Қазақстан Мажарстанға есе жіберді. Кеше шайбалы хоккейден ел құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы үшінші ойынын Мажарстанға қарсы өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Қарсыластар элиталық дивизионда алғаш рет кездесіп отыр. Жерлестеріміз үздіктер қатарында бесінші жыл қатарынан сынға түсіп жатса, мажарстандық ойыншылар биыл қосылды.Қазірге дейін құрамалар бірінші дивизионда тоғыз мәрте шеберлік байқасқан. Оның сегізінде қазақстандықтар жеңіске жетті. Кешегі кездесу барысында мажарстандықтар небәрі 15-секундта есеп ашты. Артынша 18-минутта есепті еселей түсті. Екінші кезеңнің 34-минутында қазақстандық Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты. Алайда үшінші кезеңде мажарстандық хоккейшілер жылдам екі гол соғып кетті. Оған жерлестеріміз 1 шайбамен жауап қайырды. Осылайша, ел құрамасы қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді. Енді олар алдағы ойынын Дания құрамасына қарсы өткізеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz