RU
Толық нұсқаға өту

Қонаев қаласында «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары анықталды

15.05.2025, 23:40 531

Қонаев қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Бес күнге созылған марафон нәтижесінде бірінші орынды Астана қаласының командасы иеленді. Олар 500 шақырым қашықтықты 31 сағат 19 минутта жүріп өтіп, төзімділігі мен шеберлігін дәлелдеді. Қырғызстанның командасы екінші болып мәре сызығын аттады. Ал жүлделі үшінші орынды Ұлытау облысының командасы иеленді. Биыл жарысқа Мажарстан, Иран, Қырғызстан, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасынан келген шабандоздарды қоса алғанда, барлығы 19 команда қатысты. Алайда мәреге тек 5 команда ғана жетті. Қазақстан мен шет елдің ең үздік шабандоздары бас қосқан «Ұлы дала жорығы» марафоны ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметтің символына айналды. Жарысты «Amanat» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

Алтай Беймен, «Астана» командасының жетекшісі:

- Қазақтың қазанаты Қостанай жылқысы аспандай берсін. Осы бізді қолдаған команда жақстастарға, бауырларға, ағаларға ең бастысы туысқандарға жігітше... жігіттер жігітше келді ғой, бәріне рахмет. Алла разы болсын. Ең бастысы, жеңіс қой! Бес жылқы бірдей өтсе деген арманымыз болған еді, енді арманымызға келесі жарыстарда жетеміз деген ойдамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz