RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысы Созақ ауылында спорттық-сауықтыру кешені салынып жатыр

19.05.2025, 20:20 535

Түркістан облысында спорттық-сауықтыру кешені салынып жатыр.

Нысан 10 мыңнан астам тұрғыны бар Созақ ауылында іске асып жатыр. Себебі бұған дейін ауылда заман талабына сай спорт кешені болмаған. Қазір екі қабатты ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Спорт кешеннің жалпы жобалық құны - 654 млн теңге. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі. Спортқа жауаптылардың айтуынша, жаңа спорт кешені 150 орындық. Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футбол, бокс, еркін күрес, дзюдо, үстел теннисі сынды спорт түрлерімен шұғылдануға барлық мүмкіндік жасалмақ. Нысан биыл жыл соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ауыл қариялары жаңа спорттық-сауықтыру кешені болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін орталық ғана емес, ауыл тұрғындарының да спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына сеп болатынын айтады.

Қадырқұл Дәдебаев, Созақ ауылының тұрғыны:

- Мектептен сырттағы балалар ешқайда бара алмай, көшеде жүретін сандалып. Мына енді спорт кешеннің тезірек бітіп, осы ауылымызға берілуге біз тілектеспіз. Осыған ауылдың ақсақалдары атсалысып, келіп көріп, қуанып жатырмыз. Бітсе осында келіп жаттығады.

Әлімжан Иса, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:

- Құрылыс жүру мерзімі 8 ай. Жылдың аяғында пайдалануға береміз деп отырмыз. Дәл осындай 200 орындық спорт кешені. Шолаққорған ауылында салынып жатыр. Бір ай көлемінде тапсырамыз деген жоспарымыз бар. Одан кейін екінші стадионымыз бар, оған 1 ай болды, қайта құрылымдау жұмыстары басталды. Оны да жылдың аяғында бітіріп, пайдалануға береміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz