Дзюдодан Венгрияда өтетін әлем чемпионатында күресетін отандық балуандардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды 24kz.
Тізім Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында жарияланды. Байрақты бәсекеде ел намысын 13 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, ерлар арасында 66 келіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, 73 келіде Есет Қуанов, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, 90 кг Максим Мейірлан және аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев бар. Сондай-ақ 60 және 100 келіге дейінгі салмақта боз кілемге екі спортшыдан шығады. Ел арасында қазақтың салмағы деп аталып кеткен 60 келіде ел намысын Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов қорғайды. 100 келіде Нұрлыхан Шархан мен Марат Байкамуров татамиға шығады.
Айта кету керек, бұл тізім әзірге нақты бекітілген тізім емес. Еліміздің дзюдо федерациясы әлем чемпионатына баратын ұлттық құрамаға тағы өзгерістер енгізуі мүмкін.
Тегтер #дзюдо #Ғұсман Қырғызбаев #Венгрия #әлем чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz