Қарағандыдағы «№6 арнайы мектеп-интернаты» базасында жаңа көпфункционалды спорт алаңдары қолданысқа берілді, деп хабарлайды 24KZ. Жаңа нысанда балалардың спортпен шұғылдануына бар жағдай жасалған. Заманауи қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жеткіншектерге мұндай тартуды «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жасап отыр. Жалпы ұйым 10-нан аса білім ошағына 488 млн теңгеге ойын және спорт алаңдардарын салып берген.
Серікбек Елшібеков, «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры:
- Бұл осымен еліміз бойынша салынып отырған 11-ші ойын алаңы. Оның 10-ы Қарағанды облысындағы мектеп-гимназияларында. 2022-2023 жылдары «Қазақстан халқына» қоры 330 млн теңгеге 10 арнайы мектептерде оқу кабинеттері, шеберхана, спорт және акт залдарын жабдықтады.
Тегтер #Қарағанды #Қазақстан халқына қоры #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz