Атырауда сенімгерлік басқаруда болған 3 спорт нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 24KZ. Олардың ішінде «Атырау» футбол клубы да бар. Сонымен қатар орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мұз айдыны, енді облыстық спорт және туризм басқармасының бақылауында болады.
Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде тағы 2 нысанды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. «Қабылданған шара өңірде спортты дамытуға мүмкіндік береді», – дейді жауаптылар.
Нұрбол Сыдықов, облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Мемлекетке қайтарылғаннан кейін жұмыстарын жүйелендіріп және материалдық-техникалық базасын нығайту және қолжетімділігін арттыру және ол нысандар күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан да бүгінгі таңда ол жұмыстар басталып кетті. Мына орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, бүгінгі таңда мемлкеттік сараптамаға кіргелі жатыр және мына футбол клубының стадионының жабындысы ауыстыруына қазіргі таңда мердігер анықталып жатыр. Тағы да мемлекет меншігіне алынатын нысандар – орталық бассейн. Бүгінгі таңда оны мемлекетке қайтару мақсатында сот процесстері жүріп жатыр.
Тегтер #Атырау #спорт нысандары #мемлекет меншігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz