Қытайда робот боксшылар турнирге дайындалып жатыр.
Жарыс осы аптада өтеді. Сайысқа жергілікті "Юнитри Роботикс" технологиялық компаниясының құрылғылары қатысады. Бір ай бұрын робот пен адамның арасында бокстан жекпе-жек өткен еді. Сол кезде құлтемір кәсіби спортшыдан жеңіліп қалған. Яғни жылдамдығы аздау болған. Соққыға да төтеп бере алмаған. Енді компания роботты жетілдірді. Сөйтіп боксшы мен робот қайта жекпе-жекке шығады. Инженерлер мұндай құрылғылар кәсіби боксшылардың шеберлік деңгейін арттыруға көмектесетінін айтады.
Тегтер #Қытай #робот #бокс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz