RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстаннан 47 боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

22.05.2025, 09:50 562

24-30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді. Биылғы жарысқа халықаралық аренада ел намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені кубоктың басты мақсаты — алдағы әлем чемпионатына құрама жасақтау.

Иә, Дастан алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды. Бозкілем шеберлерінің бәсекесі Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Шағын футболдан әлем чемпионаты басталды

Қазақстан Польшамен кездеседі. Әзербайжан астанасы Бакуде шағын футболдан әлем чемпионаты басталды. Биылғы ала доп бәсекесіне барлығы 32 құрама келді. Онда Қазақстан құрамасы F тобында сынға түседі. Қарсыластары: АҚШ, Босния және Герцоговина, Польша. Алдымен жерлестеріміз бүгін Польшамен кездеседі, одан кейін 24 мамырда Босния және Герцоговина, 26 мамырда АҚШ-пен ойнайды. Байрақты бәсеке Бүкіләлемдік шағын футбол федерациясы аясында өткізіледі. Турнир 21 мамыр-1 маусым аралығында болады. 2015 жылғы алғашқы турнирден бастап әлем чемпионаты екі жылда бір мәрте ұйымдастырылады. Ол 2017 жылы Африканың Тунис мемлекетінде болса, одан кейін 2019 жылы Аустралияда, 2023 жылы Біріккен Араб Әмірлігінде жалауын көтерді. Ал 2021 жылы пандемияға байланысты өткен жоқ. Қазірге дейін Чехия 2015 және 2017 жылдарда чемпион атанса, 2019 жылы Мексика, 2023 жылы Румыния кубокты төбесіне көтерді.

 

47 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

47 боксшымыз финалға шықты. Бокстан Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының барлық финалистері анықталды. 22 жасқа дейінгі санатта Қазақстаннан барған 25 боксшының 23-і ақтық сынға жолдама алды. Сондай-ақ 19 жасқа дейіінгі 24 былғары қолғап жебері жартылай финалдан сүрінбей өтті. Жартылай финалда қазақ боксшыларының көбі қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Мәселен, 60 келі салмақта Нұрислам Қалдыбаев жергілікті боксшыны бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтса, 75 келіде Аман Қонысбеков вьетнамдық қарсыласын екінші раундта тоқтатты. 51, 57, 67 және 71 келі салмақ дәрежелерінде де қазақстандықтар 5:0 есебімен жеңіске жетіп, сенімді өнер көрсетті. Бір қызығы, финалдағы басты бәсекелестеріміз Қырғызстан мен Тәжікстан құрамалары болады. Ал жарысқа шағын ғана құраммен келген Өзбекстан тек бір финалистпен шектелді.

 

Ролан Гаррос: А. Шевченко іріктеу турнирінің финалына шықты

Александр Шевченко іріктеу турнирінің финалына шықты. Жерлесіміз, әлемнің 97-ракеткасы Ролан Гаррос турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол жартылай финалда 268-ші сатыда тұрған франциялық Матис Эрармен тартысты ойын өткізді. Бірінші партияда франциялық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде жерлесіміз дәл сондай есеппен есе қайырды.

Үшінші, шешуші сетте Александр тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Екі сағат 49 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Енді ол Франция ашық чемпионатының негізгі жарысына шығу үшін әлемнің 155-ші ракеткасы, аустриялық Филип Мисоличпен шеберлік байқасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz