RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

26.05.2025, 09:34 486

Тарихи жетістік! Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24kz.

Оның төртеуі алтын. Соның арқасында жалпы есепте топ басына шықты. Тіпті осы спорттың тарихи Отаны саналатын Жапонияны да артқа қалдырды. Құрлықтық доданы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласы қабылдаған болатын. Оған 29 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Ұлттық құрама өкілдері арасынан 68 келідегі Дайяна Даренская мен 68+ келідегі Софья Берульцева барлық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Артынша ерлер арасында 55 келідегі Жоламан Биғабыл мен 75 келідегі Нұрқанат Әжіқанов жеңіс жолын жалғады. Ал, Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай, Данияр Юлдашев және Диас Ұлбек қола жүлдегер атанды. Командалық сындағы көрсеткішіміз де жақсы. Қазақстанның қыздар құрамасы күміс, ерлер құрамасы қола жеңіп алды. Жалпы есепте Қазақстан бірінші, Жапония екінші, Вьетнам үшінші орында. Алдыңғы бестікке Иордания және Иран құрамалары кірді.

Дархан Асаділовтың да еңбегін ерекше атап өту керек. Олимпиада жүлдегері бірер ай бұрын ғана ұлттық құраманың тізгінін қолға алды. Қазақ маманы өзінің әдістемесімен және федерация өкілдерімен бірлескен жұмысының нәтижесімен ұлттық құрамаға жаңа серпіліс әкелді. Соның арқасында қысқа аралықта тарихи нәтиже тіркеді. Енді жеткен жетістікке тоқмейілсімей, алдағы Әлем чемпионатында және Азия ойындардында осы көрсеткішті одан сайын жоғарылатуды жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz