RU
Толық нұсқаға өту

Францияда Roland Garros турнирі өтіп жатыр

30.05.2025, 09:28 414

Үш теннисшіміз үшінші айналымға шықты.

Францияда теннистен Ролан Гарос турнирі жалғасып жатыр. Әлемдік аламанды жерлестеріміз өте сәтті бастады. Ең бірінші болып Елена Рыбакина қарсыласын жеңіп, үшінші айналымға жолдама алған болатын. Артынша осындай жетістікке Юлия Путинцева мен Александр Бублик жетті. Теннис турнирі 8 маусымға дейін жалғасады.

Үш боксшымыз қола жүлдегер атанды

YOUTUBE.COM

Үш боксшымыз қола жүлдегер. Тайланд астанасы Банкок қаласында былғары қолғап шеберлері арасындағы халықаралық турнир жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні жартылай финалдық кезедсулер өтті. Нәтижесінде, шаршы алаңға шыққан 5 боксшымыздың үшеуі жеңілді, екеуі жеңді. Атап атйқанда, 55 келідегі Нұрсұлтан Алтынбек жергілікті, яғни, Тайланд өкіліне 4:1 есебімен есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Артынша 65 келідегі Дулат Бекбауов пен 90 келідегі Данияр Рахымбердиев те қарсыластарынан жеңілді. Ал, әйелдер арасында 60 келідегі Виктория Графеева Филиипин өкілін жеңіп, финалға шықты. 80 келідегі Гүлсая Ержан да үндістандық қарсыластын ұтып, алтынға таласуға мүмкіндік алды. Бүгін жартылай финалдық кезедсулер жалғасады. Бас-аяғы 7 боксшымыз жұдырықтасады. Оның ішінде көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген Төрехан Сабырхан да бар. Ол қырғыз боксшысымен жолығады. Бұдан бөлек, ерлерден Диас Молжігітов, Бекзат Таңатар, Нұрзат Оңғар, ал, әйелдерден, Наталья Богданова, Надежда Рябец және Елдана Тәліпова финал жолдамасын сарапқа салады. Бангкок қаласындағы бокс бәсекесінің жалпы қорытындысы 1 маусымда белгілі болады.

Бокстан әлем үздіктері Астанаға жиналады 

33 елдің үздіктері Астанаға жиналады. Тура бір айдан кейін елордада бокстан Әлем Кубогы өтеді. Бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымы енгізген жарыс. Жаңа форматтағы бәсеке бірнеше кезеңнен тұрады және соның бірін Қазақстан қабылдамақ. Қазірдің өзінде оған 33 мемлекет қатысуға ниет танытып отыр. Олардың ішінде АҚШ, Франция, Италия, Германия, Болгария Жапония, Моңғолия, Бразилия, Өзбекстан және Әзербайжан сияқты елдер бар. Байрақты бәсеке 30 маусым мен 6 шілде аралығында болады. Әлем Кубогі елорда төріндегі жекпе-жек сарайында ұйымдастырылмақ. Айта кету керек, көкрермендер үшін кіру тегін. Бұл жарыста еліміздің намысын нөмірі бірніші боксшылар қорғайды. Әзірге нақты тізім шықпады. Десе де, ұлттық құрама өкілдері кешенді дайындықты бастады. Қазір олар Ақмола облысы Щучинск қаласында жаттығуды пысықтап жатыр. Ал маусымның ортасына қарай халықаралық деңгейде бірлескен әзірлік өткізуді жоспарлап отыр. Оған АҚШ, Канада, Ирландия, Бразилия және Аустралия сынды елдердің боксшылары қатысады.Одан кейін ұлттық құрама жасқаталып, елімізде өтетін Әлем кубогінде өнер көрсеседі.

Е. Сұлтанов: әлем чемпионатына дайындық басталды

Ұлттық құраманы жасақтап, әлем чемпионатына дайындыққа кірістік. Таэквондододан ұлттық құраманың бас бапкері Есбол Сұлтанов алдағы жоспарларымен бөлісті. Жуырда ғана Ақтөбеде осы спорт түрінен Қазақстан Кубогі өткен еді. Оған 170-тен аса спортшы қатысты. Араларында ұлттық құраманың үздіктері де бар. «Қазақстан кубогы үш кезеңнен тұрады: екі іріктеу және бір финалдық кезең. Турнир барысында жаңа дарынды спортшыларды байқауға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда назарымызға осындай 2–3 таеквондошы ілікті. Атап айтқанда Әлішер Ақби, Дінмұхаммед Расулұлы және Тоғжан Өмірзақ. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарымызды әрі қарай жалғастыра береміз", деді Есбол Сұлтанов олимпик кз сайтына берген сұхбатында. Дәл қазір ұлттық құрама өкілдері таэквондододан әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің бірі Иранда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал тамыз айында Астанада 7–8 елдің ұлттық құрамаларын жинап, әлем чемпионаты алында дайындықты пысқытау жоспарланып отыр. 

ЦИТАТА: Есбол Сұлтанов, ұлттық құраманың бас бапкері 

"Қазақстан құрамасына келер болсақ, қазіргі таңда негізгі құрам толық жасақталды. Іріктеу жұмыстары бұған дейін өткен Қазақстан чемпионаты мен халықаралық турнирлердің нәтижелері негізінде жүргізілді. Қазір осы іріктелген құраммен бірге күзде өтетін әлем чемпионатына жоспарлы әрі мақсатты түрде дайындықты бастап кеттік. Дайындық кезеңіне ішкі жаттығулармен қатар арнайы физикалық дайындық, біріккен жаттығу жиындары және ірі халықаралық турнирлер кіреді...».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz