Астанада арғымақтар сайысының екінші күні өтіп жатыр.
Қатысушылар атпен мәнерлеп жүру мен конкурдан командалық сында өзара мықтыларды анықтайды. Оған 5 мемлекеттен 60-қа жуық спортшы қатысуда. Турнирдің жалпы жүлде қоры 24 мың доллар. Жарыс ертеңге дейін жалғасады. Еуразия лигасы аясында 8 кезеңнен тұратын әлемдік кубокты алдағы уақытта Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Армения елдері өткізеді.
Бекжан Байжанұлы, конкурдан ұлттық құрама мүшесі:
- Бүгін 130-маршрутына дайындалып жүрмін. Дайындығымыз өте жақсы. Командамыздың да дайындығы өте жақсы өтіп жатыр. Бұл жарыста жеңіске жету спортшыға да, атқа да байланысты. Екеуі бір тандем болуы керек.
Тегтер #Астана #сайыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz