RU
Толық нұсқаға өту

Жеңіл атлет Нора Джеруто Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесін жеңіп алды

31.05.2025, 22:33 355

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші жеңісіне қол жеткізді. 

31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті. 

Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті. 

Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86). 

Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.

Бірінші орынды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды. 

Күміс жүлдені Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) иеленді. 

Қола жүлде Джепкемейге (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) және Ясмина Тоқсанбаеваға (20 шақырымдық спорттық жүріс) бұйырды.

Olympic.kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz