RU
Толық нұсқаға өту
фото: Sports.kz.

«Ролан Гаррос»: Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасымен сынға түседі

04.06.2025, 11:45 472

Александр Бублик әлемнің 1-ші ракеткасымен сынға түседі, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін жерлесіміз «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында италиялық Янник Синнермен кездеседі. Қос теннисші осы уақытқа дейін кортта төрт рет жолыққан. Бублик тек соның біреуінде, яғни, 2023 жылы Галледе өткен турнирде жеңіске жеткен. «Ол алғаш рет мені Дубайда жеңді, содан кейін Майамидегі ширек финалда тағы басым түсті. Сол кезде мен оған: «Сен сияқты жап-жас бола тұрып, осыншалықты керемет ойнау мүмкін емес қой. Бұл адам сенгісіз дүние», - дедім.

«Содан бері қарым-қатынасымыз жақсы. Бұл жолы да тамаша матч болады деп үміттенемін», - деді, Бублик Sky Sport Italia-ға берген сұхбатында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz