RU
Толық нұсқаға өту

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Андоррамен кездеседі

04.06.2025, 12:16 560

Қазақ жастары Ангдоррамен кездеседі, деп хабарлайды 24kz.

Қос құрама футболдан 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіні аясында сынға түседі. Қазір 21 жасқа дейінгі жас өрендеріміз бас қалада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Одан кейін жерлестеріміз 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады. Ұлттық құрама D тобында өнер көрсетеді. Онда Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамалары бар. Аға бапкер Денис Мамонов алдағы ойындарға 25 футболшыны іріктеп алды. Олардың арасында қақпашы Дулат Талыспаев, қос қорғаушы Мирас Көбеев пен Мұхаммед Еңсебаев қана шетелде өнер көрсетеді. Ал қалғаны жергілікті команда сапында доп тебеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz