«Әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетемін деген үміттемін. Қазір дайындық кезеңі қызу жүріп жатыр, негізінен тактикалық және техникалық бағытта жұмыс істеудеміз».
Дзюдодан ұлттық құрама көшбасшысы Әбиба Әбужақынова осылай деді. Будапештте өтетін байрақты бәсекеге санаулы күндер қалды. Қазір Ұлттық құрама спортшылары біріншілікке дайындықтарын пысықтауда. Ел намысын 13 спортшы қорғайды. Ерлерден 60, 90 әйелдерден 48 келіде 2 спортшыдан күреседі. Әбиба алдағы әлемдік додаға екі дүркін қола жүлдегер ретінде аттанады. Бұған дейін ол 2022 жылы Ташкентте, 2024 жылы Абу-Дабиде өткен әлем біріншілігінде үшінші орынды иеленді. Бұрымды қызымыз биыл Линцте топ жарса, Душанбеде қол жүлдеге қол жеткізді.
Тегтер #дзюдо #әлем чемпионаты #Әбиба Әбужақынова #дайындықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz