Ертең футболдан Қазақстан мен Беларусь құрамалары жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды 24kz.
Соған байланысты бүгін отандастарымыз ойын алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, дайындықтарын пысықтады. Матч Астана уақытымен ертең 22:00 де Минскідегі «Динамо» стадионында өтеді. Сондай-ақ футболшыларымыз 9 маусымда Әлем чемпионатына іріктеу аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Әли Әлиев, футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері:
- Бізге жақсы қарсылас таңдалды. Беларусь құрамасының деңгейі Солтүстік Македониямен шамалас. Сондықтан әлем чемпионаты аясындағы матчтарда жоғары деңгейде өнер көрсету үшін осы жолдастық кездесудің пайдасы тиеді деп ойлаймын. БІзге ең маңызды нәтиже керек.
Тегтер #футбол #Қазақстан #Беларус #жолдастық кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz