Футболдан жастар арасында 2027 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу басталды, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін «Д» тобында өнер көрсететін ұлттық құрама жігіттері Андорра құрамасын қабылдайды. Өткен іріктеу кезеңі қазақстандық футболшылар үшін сәтсіз болған. Ұлттық құрама өз тобында үшінші орыннан көрініп, ақтық сынға шыға алмай қалған еді. Осы жолы Кәрі құрлықтың басты додасына жолдама алуға лондондық «Челси» клубының ойыншысы, Қазақстан футболының жұлдызы Дастан Сәтпаев та көмектесетін болады.
Тегтер #Еуропа чемпионаты #іріктеу #Қазақстан #АндорраPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz